Accessibility links

Польша президентінің құлаған ұшағының бір қара жәшігі табылды


Ресейдің ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, ресмилер Ресейде құлаған Польша президенті Лех Качиньский ұшағының бір қара жәшігін тапқан. Қара жәшікте сақталған соңғы мәліметтер мен ақпараттар арқылы апаттың қалай болғанын анықтауға болады.

Интерфакс агенттігі Туполев атындағы Ту-154 ұшағын жасаған зауыттың басшысына сілтеме жасап, бұл ұшақ 2009 жылдың желтоқсанында толық жөндеуден өтті деген сөзін келтіріп отыр.

Польша президенті мінген Ту-154 ұшағы Совет кезінде жасалған әрі оған 20 жыл болған.

Авиациялық қауіпсіздік жүйесінің деректеріне қарағанда, Ту-154 ұшағына қатысты 66 апатты оқиға тіркелген. Оның алтауы соңғы бес жылдың ішінде орын алды. Ресейдің "Аэрофлот" компаниясы жақында Ту-154 ұшағын пайдаланудан мүлде шығарып тастаған.
XS
SM
MD
LG