Accessibility links

Польша ел президенті мен ресмилерінің рухына тағзым етуде


Бүгін польшалықтар Ресейдің батысында ұшақ апатына ұшыраған Польша президенті Лех Качиньский мен ел үкіметінің бірқатар мүшелерінің қазасына аза тұтып, 2 минут үнсіздік жарияланды.

Ресейде совет кезінде жасалған Туполев Ту-154 президент ұшағымен 1940 жылы Совет әскерінің мыңдаған поляк офицерін өлтірген Катындағы еске алу шараларына бара жатқан президент бастаған делегация сенбі күні Смоленск әуежайына қонуға жақындағанда апатқа ұшыраған.

Ресей ресмилері 97 жолаушы мен экипаж мүшелерінің өмірін әкеткен ұшақ апатына қалың тұман мен польшалық ұшқыштардың басқара алмауы рөл атқарды деп біледі. Бұл апатқа қатысты тергеу басталды.

Польшада онмыңдаған адам гүл шоқтары мен шырақ қою үшін Варшаваның орталығына мен президент сарайы маңына жиналды. Бүгін президент Лех Качиньскийдің мәйіті Варшаваға әкелінеді.
XS
SM
MD
LG