Accessibility links

Карзай солтүстіктегі бүлікшілерді қақтығысты тоқтатуға шақырды


Жексенбі күні Ауғанстан президенті Хамид Карзай Құндыз провинциясындағы талибан бүлікшілерін қақтығысты тоқтатуға шақырды.

Президент Карзай бұл үндеуін АҚШ және НАТО қолбасшысымен бірге барған Құндыз қаласында жүздеген ақсақалдрмен кездесуінде айтты. Провинция басшысы Мохаммад Омар аймақтың қауіпсіздігі нашарлап кеткенін айтты.

Алдағы айларда АҚШ-тың мыңшақты жасағы елдің осы солтүстігіне орналасады деп күтілген. Бұл аймақта Германияның 4,500 әскер орныққан.
XS
SM
MD
LG