Accessibility links

Страсбургте Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының сессиясы басталды


Бүгін Страсбургте Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының көктемгі сессия басталды. Онда Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Украина президенті Виктор Янукович сөз сөйлейді, деп хабарлайды «Азат Еуропа»/«Азаттық» Радиосының тілшісі.

Сессияның күн тәртібінде ресей-грузин жанжалының салдары туралы және Еуропадағы сексуалдық азшылық топтардың құқықтары шектеліп отырғаны жайында мәселелерді талқылау белгіленген. Сондай-ақ, өткен жылы бірнеше рет Ресейде сапармен болған Еуропа кеңесінің адам құқы жөніндегі комиссары Томас Хаммарбергтың баяндамасы да тыңдалады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG