Accessibility links

«Ел қорғаны»


Қазақ блоггері, журналист Қ.Әбілқайыр
Қазақ блоггері, журналист Қ.Әбілқайыр

- Бүгін сағат 10.30-да АҚШ-тың елшісімен кездесесіз!
- Сонда оған не деуім керек?
- Айтқан өтініштерінің бәрін орындауыңыз керек!
- ...
- Одан кейін Ресейден келген арнайы қонақтармен жолығасыз!
- Оларға не деймін?
- Ештеңе демейсіз! Дайындап әкелген құжаттарының бәріне қол қойып бересіз!
- ...
- Содан кейін Қытайдың бір азаматын қабылдайсыз!
- Ол не қылған азамат!
- Оны біліп қайтейін деп едіңіз?! Ең бастысы – қолын алып, жылы қабақ танытып, сұраған жерін берсеңіз болды емес пе?!
- Жер демекші... әлгі Израиль...
- Ол елді қоя тұрыңыз. Алдымен мемлекетіміздің атын аман-есен өзгертіп алайық. Бүгін сізбен кездесетін үш елдің басшылары керегін толық алып болсын. Қалғанының бәрін өздері шешеді ғой.
- Халық дүрлігіп жүрмей ме?
- Сіз де қайдағыны айтады екенсіз. Халықта не ес қалды дейсіз?!
- 10.30-ға дейін, ең болмаса, оразамды ашсам...
- «Оразамды ашсам» дейді. Үйден ашып келуге болмай ма сол оразаны?
- Енді...
- Жарайды! Әй, кім бар? Президентке таңғы асын әкеліңдер!!!

kanagat.07@mail.ru
XS
SM
MD
LG