Accessibility links

Барымташы санитар



...Қызық! Баяғыда тарақан көп еді, «бұл дұрыс емес!» деп шуладық. Енді тарақан жоқ, бәрібір «бұл да дұрыс емес» деп отырғанымыз.

Біреулер айтты: «тағамның кілегейі аз, тарақан сондықтан жойылды, бәріміз сапасыз тамақ ішіп жүрміз» деді. Біреулер хронологиялық кесте жасап, тарақандардың жойылуын мобиланың көбеюімен байланыстырды. Аса пессимистер бұдан Исаның екінші рет келетін күнінің жақындағанын шырамытты. Оптимисттер жай ғана әлгі мобила мен тамақ теориясына сене салды.

Сөйтіп жүргенде әлдебір құйтырқы журналист бұл қызық сұрақты бір күні облыстық санэпидем департаментінің шенеунігіне қойып қалды!

- Апа, тарақандар қайда кетті?

Үш рет мұрсат берейін - не деп жауап бергенін тапшы? Жә, өзім айта салайын. Апай сонымен былай деді:

- Бұл жерде облыстық cанитарлық орталықтың жыл бойғы қажырлы еңбегін де атап өтпесе болмайды...

Ыхха-ыхха, үстелден ауып түсіп, ұлымды жаншып тастай жаздағанымды-ай :) Кез-келген фактіден өз үлесін көруге, ең бастысы – жұртқа көрсетуге дағдыланған шен иесі бұл мәселенің планетарлық масштабтағы сұрақ екенін түсінбей қалса керек. Елестетіңізші: облыстық санитарлық орталықтың... Монреальдағы жертөлелерді улап жүргенін :) Дегенмен, осындай оқиғаны өз пайдасына барымталап кетті. Шұлығымды шешіп, басымды идім Сіздің алдыңызда!

Жалпы, бұл жерде білім департаментінің шенеунігі ұйықтап кетіп, қапыда қалды ма деп қам жеймін. Әйтпесе тарақандардың жоқтығын өз мекемесінің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ұланғайыр еңбегімен байланыстырса, санитар апай опық жеп қалар еді...

technosyndrom@gmail.com
XS
SM
MD
LG