Accessibility links

Джо Байден: Еуропа мен АҚШ бір-біріне өте керек


Бүгін Еуропаның парламентінде сөйлеген сөзінде Байден Еуропа Одағы мен АҚШ-тың қазір бір-біріне бұрын ешқашан болмағандай қажет болып отырғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, егер де Еуропа мен АҚШ-ты ортақ құндылықтары мен мұралары біріктіре алмаған болса да, қазіргі ғаламдағы ортақ мүдделері екеуін даусыз қосар еді.

АҚШ-тың вице-президенті осы сапарының барысында НАТО-ның Бас хатшысымен, ЕуроОдақтың президентімен келіссөз өткізіп, одан соң Испанияға барады.

Еуропарламенттегі сөзінде Джо Байден Иранның даулы ядролық бағдарламасы әлемнің өте беймаза аймағында жаппай қарулану сайысын бастап беруі мүмкін деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG