Accessibility links

Грекияға 110 млрд. еуро несие беру мәселесі шешіледі


Еуропа Одағының ортақ валютасы – еуроны қолданатын 16 мемлекеттің басшылары бүгін Брюссельде өтетін басқосуында Грекияның банкротқа ұшырауына жол бермеу үшін оған 110 миллиард еуро несие беру туралы шешім қабылдауға тиіс.

Бүгін сонымен қатар Германия парламенті де Грекияға көмек беру бағдарламасын қарайды. Германия ең басты несие берушінің бірі болып табылады.

Грекияға көмек беру бағдарламасына Халықаралық валюта қоры да қатысады. Бұл бағдарламаны бүгін «Үлкен жетілікке» кіретін елдердің қаржы министрлері талқылайды.

Кеше грек парламенті үкіметтің мемлекеттік шығындарды күрт қысқару жоспарын мақұлдады. Шығынды күрт қысқару – халықаралық көмекті алу шарттарының бірі болатын.
XS
SM
MD
LG