Accessibility links

Тәжікстанда экстремистер сотталды


Тәжікстан соты "исламның тыйым салынған тобы мүшелері" деп, оншақты адамды әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырды.

Тәжікстанның оңтүстігіндегі Хатлон қаласының судьясы Икром Абдулхафизов елде тыйым салынған "Таблиғи Жамаат" діни тобына қатысы бар деп танылған 32 адамға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгілендігін мәлімдеді.


Сотталғандар 2009 жылдан бері қамауда отыр. Тәжікстан "Таблиғи Жамаатты" экстремистік ұйымдар тізіміне 2006 жылы енгізді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG