Accessibility links

ҮЗДІК ҮШ КОММЕНТАРИЙ



БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ


Қасымызда технологиялық һәм инновациялық ұлтқа айналып үлгерген алып Қытай, Ресей де бізді өмір бақиға айтқанын істейтін қуыршақ мемлекетке айналдырғысы келеді. Еуропа ұшқышсыз ұшатын истребительдерін жасап шығарды. Экономикасы жан шошытады. АҚШ туралы айтудың өзі қорқынышты. Ал біз... түрлі даурықпамен, күлкілі пиармен, елді жемқорлық пен бассыздыққа әкелген әлдебір татымсыз тұлғаны ұлықтаумен айналысып әлі отырмыз. Қазақ қорқақ емес, ессіз... Болашақтан қорықпайды.

Кендіқұл, қай жақтан жазғаны көрсетілмеген

(«Үш жүз қазақстандық» деген блогқа орай жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Кенеке, есесіне бізде КӨШБАСШЫ бар! Қытайды, Ресейді, Еуропа мен АҚШ-ты айтасыз, оларда Нұрекемдей көсем бар ма?! Өңшең жалбыр! Бала-шаға, шәләй-бәләй бірдеңе. АҚШ «мен» дегенде кеудесіне нан піседі, ал Барактарының бар ақшасы 2,2 миллион мен 7,5 миллион доллардың арасында ғана екен. Нағыз қайыршы ғой! Қайыршы басқарған ел қайдан оңады? Айтыңызшы! Ұлыбританияны көрсеткіңіз келеді білем. Олардың кеше сайланған премьерлерінің тіпті бұтартар көлігі жоқ екен. Белесебетпен жұмысқа кеп жүріпті. Енді ғана премьерлікке жеткен соң мәшинелі боп қапты бейшара. Өйтіп айға шапқаны құрысын. Қытайды айтпай-ақ та қояйын. Ресейді өзіңіз де білесіз, былтыр президенті мен премьерлері бастап бар табысын жария еткен – болмашы бірдеңе. Біздің аудандық жол полициясы бастықтарының орынбасарлары оларды түскі асқа шақырып тұрса болар еді. Қысқасы, Көндіғұл мырза, Сіз бізге, яғни қазаққа жөні жоқ тіл тигізбеңіз. Аяулы дүниелерге тілімізді өзіміз ғана тигіземіз.

Мөнтиқұл, Астананың маңайы

(«Үш жүз қазақстандық» деген блогқа орай жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Заман-ай! Сол аштықты көзімен көрген қариялардың кейбірі әлі тірі жүр ғой, қуғын-сүргін мен аштықты қосақтауы – қайғымызды азайтып көрсету, орыстан қорқып, тарихымызды бүркемелеу. Бұлар өлілер мен тірілерді қоса қорлауда. Кім ата-бабамыздың құнын төлеулері керек? Ресей ме, әлде біздегі қос қуыршақ компартия ма? Билік пе? Әрине билік, төлесін құнын, ескерткіш қойсын, Құран оқытсын...

Исатай, Қазақ Елі

(«Саяси қуғын-сүргін» тек өткенге қатысты түсінік пе?» деген мақалаға орай жазылған пікір)
XS
SM
MD
LG