Accessibility links

Бішкекте Түркия елшілігінің алдында наразылық жиыны өтті


Қырғызстанның “Мекен шейиттери” қозғалысы мүшелері осы елдегі Түркия елшілігінің алдында наразылық шеруін өткізді. Қозғалыс мүшесі
Кайрат Шабданбековтың Азаттыққа хабарлауынша, елшілік алдына жиналған 40 шақты адам Қырғызстанның биліктен қуылған президенті Құрманбек Бакиевті Түркия өз еліне кіргізгендігіне наразы. Сейсенбі күні бірқатар ақпарат агенттіктері Бакиевтің Түркияда екендігі жайлы жазған болатын. Кейіннен ол ақпарат расталмады. Түркия елшілігінің өкілі де жиналғандар алдына шығып, бұл ақпараттың жалған екендігін жеткізді.

Кеше “Мекен шейиттери” қозғалысы қазақ елшілігінің алдына барған еді. Олар Бакиевтің Белоруссияға қашып кетуіне ресим Астана кінәлі екендігін айтты.

Сәуір айында Қырғызстанда болған қақтығыстардан 87 адам қаза болып, екі мыңға жуық адам жарақат алды.
XS
SM
MD
LG