Accessibility links

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды


Бүгін Қазақстандағы 2010 жылғы мектеп бітіруші түлектерді біріңғай ұлттық тестілеу басталды. Тестілеу маусымның 4-10-ы аралығында 154 пунктте (49 қала мен 105 аудан орталығы) өткізіледі.

Тест тапсырушы түлектер барлығы жеті лекке бөлінді. Биыл бір лектегі оқушылар саны 800-ге дейін азайтылды. Бұл ҰБТ-ны неғұрлым ыңғайлы жағдайда тапсыруға мүмкіндік береді.

ҰБТ 5 пән бойынша: оқыту тілі (қазақ немесе орыс), Қазақстан тарихы, математика, таңдау пәні, сондай-ақ орыс тілінде оқытатын мектептердегі - қазақ тілі, қазақ тілді мектептердегі - орыс тілі пәндері бойынша өткізіледі.
Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25, ал бес пән бойынша барлығы - 125 сұрақ. Тестілеу уақыты - 210 минут, яғни 3,5 сағат.

Биылғы жылғы мектеп бітірушілер мемлекеттік грант конкурсына қатысу және республикамыздың жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсу үшін кем дегенде 50 балл («Жалпы медицина» мамандығы үшін - 55 балл) жинауы тиіс.
XS
SM
MD
LG