Accessibility links

Иран Шанхай ынтымақтастық ұйымына қосыла алмайды


Өзіне қарсы халықаралық санкцияның қабылдануына байланысты Иран Шанхай ынтымақтастық ұйымына әзірше қосыла алмайды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Ташкентте өтіп жатқан саммиті барысында мақұлданған ұйымға жаңа мүшелерді қабылдау туралы ережеге меңзей отырып, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров осылай деп мәлімдеді.

Сонымен бірге, - деп атап көрсетті С.Лавров, - ондай елге Шанхай ұйымына бақылаушы ретінде қатысуына бөгет жоқ.

Ташкент саммитінде Қырғызстандағы ахуал, терроризм мен экстремизмге және есірткі саудасына қарсы күрес мәселелері, сондай-ақ бірқатар маңызды халықаралық проблема сөз болады.

Қытай, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшелері болып табылады.
XS
SM
MD
LG