Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Қырғызстандағы зорлық-зомбылықты айыптады


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Қырғызстандағы зорлық-зомбылықты айыптап, елді тыныштыққа және заңға бағынуға шақырды.

Бұл турасында БҰҰ Бас хатшысыынң саяси істер бойынша орынбасары Линн Пэско баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Линн Пэско Қырғызстанға қайырымдылық көмек жеткізу үшін жедел түрде дәліз жолын қарастырудың өзектілігіне тоқталды.

Осы жағдайда ҰҚШҰ Қырғызстандағы толқуды ауыздықтау үшін Бішкекке көмек ретінде тікұшақтар мен құрал-жабдықтар жіберуді ұсынды.
XS
SM
MD
LG