Accessibility links

Лукашенко Ресей газының транзитін тоқтатуға бұйрық берді


Беларус президенті Александр Лукашенко «ГазПром» компаниясы газ транзиті үшін қарызын өтегенше, Еуропаға баратын Ресей газының транзитін тоқтатуға нұсқау берді. Бұл туралы бүгін Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдаған Лукашенконың өзі хабарлады.


Сейсенбі күні Ресей өзінің алдында берешегі бар Беларуске айдайтын газдың көлемін 30 пайызға қысқартты.


Оның алдында ресми Минск газ үшін берешегін 2 аптаның ішінде өтейтінін хабарлаған болатын. Алайда «ГазПром» тосып отыруға келіспей, газдың көлемін 15 пайызға азайтты.


Сонымен бірге "ГазПромның" өзі де газ транзиті үшін Беларуске қарыз екенін мойындап, бірақ бар жауапкершілікті осы қарызды өтеуге мүмкіндік беретін құжаттарға қол қоймай отырған Минскіге жүктеді.


А.Лукашенко "ГазПромға" бір жақтың қарызы есебінен екінші жақтың берешегін өтеуді ұсынды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG