Accessibility links

Бакиев: Саясаттан біржолата кеттім


Биліктен қуылған бұрынғы президент Құрманбек Бакиев Қырғызстаннан қашып, Беларусь елінде саяси баспана сұрағаным дұрыс болды деп мәлімдеді. Бүгін Минскіде баспасөз маслихатын өткізген Бакиев өзінің саясаттан біржолата кеткенін мәлімдеді.

Қырғыстанның Уақытша үкіметі Бакиевті елдің оңтүстігіндегі этникалық қақтығыстар үшін айыптады.

Бакиев сәуір айындағы толқулар барысында биліктен қуылған болатын. Сол кездегі қақтығыста 80-нен астам адам қаза болып, жүздеген кісі жарақат алды. Бакиев пен оның отбасы мүшелері Беларусқа қашып кетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG