Accessibility links

БҰҰ басшысы Иранмен келіссөз өткізуге шақырды


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Иранның ядролық мәселесінің диалог арқылы шешілуін қалайтынын мәлімдеді. Оның алдында Иран президенті Махмуд Ахмадинежад тамыз айының аяғында Теһран өзінің ядролық бағдарламасына қатысты Батыс елдерімен келіссөз жүргізуге әзір деп хабарлады.

Осы айдың басында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі уран байытуын тоқтатпай отырған Иранға қосымша санкция енгізуді мақұлдаған болатын.
XS
SM
MD
LG