Accessibility links

Мексика шығанағындағы шығын $3,5 миллиардқа жетті


«Бритиш Петролеум» корцерні мәлімдегендей, бастапқы есеп бойынша Мексика шығанағындағы шикі мұнайдың төгілуінен келген шығын 3,5 миллиард долларға жетті. Концерн өкілінің хабарлауынша, жекелеген шағымдар бойынша төленген 165 миллион доллар да осы сомаға кіреді.

Өткен сенбіде «Бритиш Петролеум» әзірге 105 шағымның түскенін және оның 52 мыңы бойынша өтемақы төленгенін мәлімдеді. Сонымен бірге концерн төгілген мұнайдың шығыны мен төленетін өтемақылардың барлық көлемін есептеу әлі ертелеу деп санайды.

«Бритиш Петролеум» концерні – сәуір айындағы апаттың салдарынан мұнай үзілмей төгіліп, АҚШ-ты үлкен экологиялық апатқа ұшыратуына байланысты үлкен қысымға тап болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG