Accessibility links

БҰҰ "террористер тізіміне" тағы бір экстремисті енгізді


БҰҰ террористердің "қара тізіміне" АҚШ-та туған радикалды мұсылман дінін ұстанушы Анвар аль-Авлакиді енгізді.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің бұл шешімі, ұйымға мүше барлық мемлекеттерді Анвар аль-Авлакидің банктегі есеп-шоттарын кілттеп, халықаралық сапарларға тыйым салуды, оның қару-жараққа қатысты қандайда бір келісімдері болса тосқауыл қоюды міндеттейді.

Йеменде тұратын 39 жастағы аль-Авлаки өткен жылы рождество мерекесі қарсаңында америкалық ұшақты жаруға әрекет жасаған деп айыпталып отыр.

БҰҰ-ның "қара тізімінде" Әл-Каида мен Талибан қозғалысымен қатысы бар деген 250 адам тұр.
XS
SM
MD
LG