Accessibility links

Қазақстан үкіметі KazakhGold жанжалын достықпен шешкісі келеді


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов KazakhGold төңірегіндегі жанжалды достық келісіммен шешуді жөн көретіндігін мәлімдеді. Үкімет басшысының пікірінше, жанжалды шешу барысында «барлық тараптардың мүдделері ескерілуі» керек.

KazakhGold акцияларының 50,1 пайызына ие ресейлік «Полюс Золото» Лондондағы Жоғарғы сотқа Kazakhgold компаниясының бұрынғы басшыларына қарсы азаматтық шағым түсірді. Компания оларды мекеме қаржысын ұрлады деп айыптап, жауапкерден 450 миллион доллар талап етіп отыр. Сот процесі - кезінде KazakhGold компаниясы басшылығы құрамында болған Асаубаевтар отбасының бес мүшесіне қатысты.

KazakhGold директорлар кеңесінің бұрынғы атқарушы төрағасы Қанат Асаубаев пен директорлар кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары Айдар Асаубаев бұл айыптарды жоққа шығарды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG