Accessibility links

АҚШ құпия мәліметтердің таралу шығынын анықтап жатыр


АҚШ-тың әскери мекемесі Ауғанстан туралы құпия мәліметтердің баспасөзге таралып кетуінен туындаған шығынды анықтау үшін «бір апта» уақыт қажет болады деп хабарлады.

Пентагон өкілі Дейв Лейпэннің айтуынша, құпия мәліметтердің жариялануы АҚШ пен оның одақтастары әскерінің қауіпсіздігіне қаншалықты зияны тиетіндігі зерттеліп жатыр. Лейпэн бұл құжаттардың жариялануын «қылмыстық әрекет» деп бағалады.

Жексенбі күні Wikileaks интернет-порталында тәлібтерге қарсы операциялар, бұған қоса халықаралық күштердің операциялары барысында опат болған бейбіт ауған тұрғындарының қазасын жарияламау туралы 90 мыңнан астам құпия құжат жарыққа шықты.
XS
SM
MD
LG