Accessibility links

"Домодедоводағы" ұшақты басып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды


Мәскеудің "Домодедово" әуежайындағы ұшақты басып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әуежайда Ту-154 ұшағын басып алған ер азамат Ресей үкімет басшысы Владимир Путинге «Шешенстан туралы маңызды құжатты» бермек болған. Бұл туралы Мәскеу аймақаралық көлік прокурорының көмекшісі Руфина Невзорова хабарлады.

105 адамды кепілдікке алған азамат Краснодар өлкесінің тумасы, 1970 жылы туған Магомед Покиев екендігі айталған. Дегенмен кей ақпарат құралдары Покиевтың Қазақстан азаматы екенідігін хабарлап отыр. Азаттыққа түсініктеме берген Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров, "бұл жайт анықталып жатқандығын" айтты.

Кеше Минеральные Воды қаласынан Мәскеуге ұшып келген Ту-154 ұшағын басып алу әрекеті болды. Покиев ашық қоқан-лоқы көрсетпеген. Кенеттен жолаушылардың бірінің жағдайы нашарлап, оған көмек көрсету үшін ұшақ бортына дәрігер болып көтерілген екі тәртіп сақшысы оны ұстап, адамдарды босатты.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Тексеру кезінде Покиевтен ешқандай қару табылмады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG