Accessibility links

Бүлікшілер көсемі Доку Умаров қолбасшылықтан бас тартты


Шешен бүлікшілерінің көсемі Доку Умаров қолбасшылықтан кеткендігін мәлімдеді. Бұл туралы жексенбі күні «Кавказ-центр» сайты хабарлады.

Хабарларға қарағанда, Умаров өзінің орнына Асламбек Вадаловты тағайындады. Вадалов – шешен соғысының екеуіне де қатысқан, танымал қолбасшы Хаттаб бөлімінің құрамында болған деп хабарланды.

Өзін «Кавказ әмірлігінің әмірі» етіп жариялаған Умаров Ресейдегі бірқатар ірі терактілерді өз жауапкершілігіне алды. АҚШ Умаровты халықаралық терроршылар тізіміне енгізді.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG