Accessibility links

Қаржы полициясы «Қазақалтын» банк есептерін құлыптады


Қазақстанның қаржы полициясы KazakhGold компаниясы «Қазақалтын» өндірістік бөлімінің банк есептерін құлыптады деп хабарлады «Новости» агенттігі.

Бұған дейін қаржы полициясы жарғылық акцияны алаяқтықпен алған деген күдікпен, KazakhGold акционерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғалғандығын хабарлаған еді. KazakhGold акцияларының 50,1 пайызына ие ресейлік «Полюс Золото» бұл айыптарды теріске шығарды.

«Полюс Золото» маусым айының соңында Лондондағы Жоғарғы сотқа Kazakhgold компаниясының бұрынғы басшыларына қарсы азаматтық шағым түсірді. Компания оларды мекеме қаржысын ұрлады деп айыптап, жауапкерден 450 миллион доллар талап етіп отыр. Сот процесі - кезінде KazakhGold компаниясы басшылығы құрамында болған Асаубаевтар отбасының бес мүшесіне қатысты.

KazakhGold директорлар кеңесінің бұрынғы атқарушы төрағасы Қанат Асаубаев пен директорлар кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары Айдар Асаубаев бұл айыптарды жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG