Accessibility links

Украина президенті Германияға сапармен барады


Украина президенті Виктор Янукович дүйсенбі күні Берлинге барып, Германия канцлері Ангела Меркель және президент Кристиан Вулфпен келіссөздер өткізеді.

Екі елдің арасындағы келіссөздер энергетикалық, экономикалық және қауіпсіздік ынтымақтастығына қатысты өтеді. Сондай-ақ Украина мен Германия жетекші мүшесі болып табылатын Еуропа Одағының арасындағы әріптестік мәселесі талқыланады.
XS
SM
MD
LG