Accessibility links

Пәкістан офицерлерін АҚШ-тан қайтарып алды


Бүгін Пәкістан армиясы әскерлеріміз қауіпсіздік бақылауында заңсыз тексерілді деп, олардың АҚШ-сапарын кейінге қалдырды. АҚШ әскерилерімен кездесуге шақырылған пәкістандық офицерлер сейсенбі күні кешкісін ұшақтан түсіріліп, сұраққа алынған.

Кейін әскери делегация екені анықталған соң, АҚШ-тың қорғаныс саласындағы өкілдер оқиғаға өкініш білдіретіндіктерін айтты.

Алайда Пәкістан армиясы тексеруден кейін офицерлердің АҚШ-қа сапарын тоқтатып, делегациясын кері қайтарып алды.

АҚШ пен Пәкістан терроризммен күресте одақтастар болғанымен, екі елдің арасында сенімсіздік пен Пәкістанда америкаға қарсы көңіл-күй басым.
XS
SM
MD
LG