Accessibility links

Тәжікстандағы жанкештілік жарылыстан 2 адам қаза тапты


Тәжікстанның ресми өкілдері жұма күні Худжан қаласындағы полиция бекетінде болған жапидашының жарылысынан екі адам қаза тауып, 25 кісі жараланды деп хабарлады.

Бұл Орталық Азия елдерінде бұрын-соңды болмаған шабуыл болып отыр. Ішкі істер министрлігі бұл жарылысқа тыйым салынған Өзбекстан ислам қозғалысын айыптауда.

Осыдан екі апта бұрын Тәжікстанда осы діни қозғалыстың мүшелері бар 25 адам түрмеден қашқан болатын. Өзбекстан ислам қозғалысының жетекшілері әл-Қаида ұйымымен байланысты деп айтылады.
XS
SM
MD
LG