Accessibility links

Дағдарысқа тап болған "Кабул банкінің" тұтынушылары таяқ жеді


Ауғанстанның қауіпсіздік күштері елдегі дағдарысқа ұшыраған "Кабул банкінен" ақшаларын қайтарып алмақшы болған тұтынушыларды тоқтату үшін қолшоқпар қолданды.

Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік басшылығы Ораза айт мерекелері қарсаңында ақшаларын алмақшы болған банктің 200-ден аса клиентін бақылауда ұстауға тырысып жатқандарын айтты.

Дүйсенбі күні Ауғанстанның орталық банкі "Кабул банкінің" бұрынғы басшысы мен атқарушы директорының және басқа да үлескерлердің активтерін тұмшалап тастауға нұсқау берді.

Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың өкілі банктің тұтынушыларының қаражаты жоғалмайтынын айтып, халықты тынышталуға шақырған. "Кабул банкінің" тұтынушылары 250 мың мемлекеттік қызметкерлер екен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG