Accessibility links

Ауғанстанда НАТО-ның әуе соққысынан 3 бүлікші қаза тапты


НАТО әскерилерінің хабарына қарағанда, Ауғанстандағы бүлікшілер жетекшісі әуе соққысынан қаза болды. Елдегі парламенттік сайлаулар қарсаңында Кабулға шабуыл жасауды жоспарлап жүрген ол екі үзеңгілесімен бірге Мусахи ауданында өлтірілген.

НАТО-ның мәлімдемесінде, одақтас күштердің бейсенбінің түніндегі әуе шабуылы онда бейбіт халық жоқ екені анықталған соң болды делінген.

Талибандар Ауғанстандағы парламенттік сайлаулар кезінде шабуылдар жасайтынын ескертіп, ауғандықтарды дауыс беруге қатыспауға үндеді.
XS
SM
MD
LG