Accessibility links

Калифорниядағы газ жарылысынан соң 5 адам табылмады


АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласына жақын орналасқан газқұбыры жарылысынан кейін 5 кісі әлі табылмады. Бейсенбі күні болған ол жарылыстан 4 адам қаза тапқан.

Қаланың ресми өкілдері қуатты жарылыстың жалынынан 50 шақты адам жараланып, 37 үйді бұзды деп отыр.

Жарылысқа не себеп болғаны әлі белгісіз. Жергілікті ақпарат құралдары жазғандай, жарылыс болардан бір күн бұрын аймақтағы тұрғындар газдың иісін сезген.
XS
SM
MD
LG