Accessibility links

Швецияда парламент сайлауы өтуде


Жексенбі күні швециялықтар парламент сайлауына қатысып жатыр. Алдын-ала жүргізілген сауналнамалар сайлауда биліктің орталықшыл партиясы қайтадан жеңіске жетуі мүмкіндігін көрсетті.

Швеция премьер-министрі Фредрик Рейнфельдт өзінің одақтас төрт партиясын парламенттің келесі мерзімінде көргісі келетінін айтты. Бақылаушылар Рейнфельдт коалициясының жеңісі соңғы жүз жылда екінші рет қатарынан Швеция үкіметін жасақтауға бірінші рет жол береді дейді.

Сонымен қоса сайлауда 4 пайыздық кедергіден иммигранттар мен исламға қарсы ұрандар айтып жүрген “швед демократтары” партиясы өтуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG