Accessibility links

Ресей оппозициясы Лужковтың кетуін құптады


Ресейдің демократиялық оппозициясы Мәскеу әкімі Юрий Лужковтың қызметінен кетуін құптады және қала басшысын тікелей сайлауға қайта оралуға шақырды.

«Солидарность» қозғалысы көсемдерінің бірі Борис Немцов Азаттық радиосына Лужков қызметінен түсірілген соң, оған қарсы қылмыстық іс қозғалуға және билік басындағы жемқорлыққа қарсы күрес басталуға тиіс деп мәлімдеді.

«Право дело» партиясы тең төрағасының бірі Леонид Гозман мәлімдегендей, оппозиция Лужковты қызметінен алуды өтініп мыңдаған қол қойылған үндеуін президенттің атына өткен жылы-ақ жолдаған.

«Яблоко» партиясының көсемі Сергей Митрохин болса ең басты мәселе Лужковтың өзінде емес, оның өзінен кейін қалдырған «мұрасында» жатқанын атап көрсетті.

Ресей президенті Дмитрий Медведев «президенттің сенімін ақтамауына байланысты» Мәскеу әкімі Юрий Лужковтың құзырын мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа сейсенбі күні қол қойды, - деп хабарлады Кремльдің баспасөз-қызметі.

Мәскеуді соңғы 18 жыл бойы үздіксіз басқарған Ю.Лужковтың құзыры 2011 жылдың ортасында аяқталуға тиіс еді.
XS
SM
MD
LG