Accessibility links

АҚШ арнайы елшісі Израиль премьерімен кездеседі


Бүгін АҚШ-тың арнайы елшісі Джордж Митчелл Иерусалимде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху және елдің қорғаныс министрі Эхуд Баракпен кездеседі.

Өткен бейсенбі күні елші Рамаллада Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббаспен кездесіп, келіссөздер жүргізген болатын.

Митчеллдің Таяу Шығысқа сапарының мақсаты - израиль-палестина келіссөздерін жандандыру болып табылады.

Бұдан бұрын Израиль Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы құрылысқа салынған моратирийді ұзартпайтындығын мәлімдеген болатын. Осыған байланысты Махмуд Аббас келіссөздерді жалғастырамайтындығын жеткізген еді.
XS
SM
MD
LG