Accessibility links

Қырғызстандағы сайлауда "Ата-Жұрт" алда келеді


Қырғызстандағы парламент сайлауында алдын ала мәліметтер бойынша "Ата-Жұрт" партиясы алда келеді. Партияға уақытша үкіметтің бұрынғы вице-премьері Алмазбек Атамбаев жетекшілік етеді.

Қазіргі таңда бюллетеньдердің 80 пайызы саналды. Әзірге "Ата-Жұрт" партиясы 8,5% жинап алға шықты. Екінші орында социал-демократтар, одан кейін "Республика", "Ар-Намыс" және "Ата-Мекен" партиялары.

Сайлау комитетінің ресми өкілдерінің хабарлауынша, сайлауға қатысушылардың жалпы саны 57 пайызды құраған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG