Accessibility links

ЕҚЫҰ: Қырғызстандағы сайлау демократияны нығайтады


Қырғызстандағы жексенбі күні болып парламент сайлауы елдегі демократияның одан әрі нығаюына мүмкіндік береді, делінеді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылар миссиясының есебінде.

Бақылаушылар миссиясының жетекшісі Мортин Хогланд: - бұл сайлау әрқилы саяси көзқарасымен, азматтық жауапкершілігімен, белсенді науқанымен және қорытындысын алдын-ала болжап айтуға болмайтын Орта Азия елдеріндегі соңғы жылдардағы алғашқы сайлау болды, - деп мәлімдеді.

Сонымен бірге миссияның өкілдері Қырғызстанның сайлау заңын едәуір реформалап жетілдіру қажеттігін атап көрсетті.

Сайлаудың бастапқы қорытындысына қарағанда, парламент сайлауында оппозициялық «Атажұрт» партиясы көш бастап келеді. Екінші орында - Әзімбек Атамбаев бастаған әлеуметтік-демократиялық партия, оның ізінше «Республика», «Ар-намыс» және «Атамекен» партиялары келеді.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG