Accessibility links

Сот Досқалиевті қамауда ұстау мерзімін ұзартты


Астана қаласындағы Сарыарқа ауданының № 2 соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті қамауда ұстаудың мерзімін 10 тәуліктен 2 айға дейін ұзарту туралы экономикалық және жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агенттігі немесе қаржы полициясының өтінішін қанағатандырды.

Досқалиевке жемқорлық істері үшін айып тағылып отыр.

Өткен дүйсенбі күні Қазақстанның Бас прокуратурасы Досқалиевтің инсульт алғаны расталмады деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG