Accessibility links

Пәкістан: қастандық жарылыстың құрбандары 6-ға жетті


Пәкістанның шығысындағы сүфи сопыларының қасиетті мазары маңында дүйсенбі күні болған жарылыстан қаза тапқандардың саны 6-ға дейін өсті. Тағы бірнеше кісі жараланды.

Полицияның мәліметі бойынша, жарылғыш автотұраққа тұрған мотоциклдың астына орнатылған тәрізді.

Қастандық Пенджаб өткесінің Пак Патан қаласындағы жергілікті сүфи сопыларының қасиетті мазары қақпасының алдында жасалған.

Одан бұрын сүфилерді нағыз мұсылман деп санамайтын тәліптер Лахор мен Карачи қалаларындағы сопылардың құлшылық ететін қасиетті жерлеріне қастандық жасаған болатын.
XS
SM
MD
LG