Accessibility links

«Қорғас» орталығының президенті тұтқындалды


Қазақстанның қаржы полициясы «Шекара бойындағы ынтымақтастықтың «Қорғас» халықаралық орталығы» Акционерлік қоғамының президенті Нұрлан Сейдалыны тұтқындады. Ол туралы қаржы полициясының өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады.

Оның мәлімдеуінше, Сейдалымен бірге халықаралық орталықтың еншілес «Қорғас-сервис» кәсіпорнының жетекшісі Ерлан Рақымбаев та қамауға алынды.

М.Жұманбай хабарлағандай, екі күдікті «Қорғас-сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталын ұлғайту деген желеумен, жалған кәсіпорындар арқылы бюджеттің 190 миллион теңге қаржысын жымқырған көрінеді.
XS
SM
MD
LG