Accessibility links

Қазақстанда президентікке тағы бір үміткер пайда болды


"Жаса, Азаттық!" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жасарал Қуанышәлин, Қазақстанда 2012 жылы өтуі тиіс президент сайлауына түсетіндігін мәлімдеді.

Бүгін Алматыдағы жиында саясаткер, сайлауға тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловпен бірдей бағдарламамен, бірдей платформада қатысатындығын жеткізді.

"Оның ішінде басты мақсатымыз: транзитті президенттік, "Назарбаев атқораларын" жылдам және сапалы "тазарту", одан соң- президент қызметінен кету. Бұл жөнінде біз берік уағдаластық."-дейді Жасарал Қуанышәлин өз мәлімдемесінде.
XS
SM
MD
LG