Accessibility links

Мыңдаған ирандық АҚШ елшілігін басып алу оқиғасын еске алды


Бүгін Иран Теһрандағы АҚШ елшілігін исламистік студенттердің басып алғанына 31 жыл толғанын атап өтті. Мыңдаған ирандық бұрынғы АҚШ елшілігінің жанында Америкаға қарсы ұрандар айтып, қолдарына Иран туын алып шықты.

Иран жыл сайын 4-ші қарашада АҚШ-тың қолдауындағы шахты биліктен кетірген Ислам төңкерісінен кейін Теһрандағы АҚШ миссиясын басып алған оқиғаны атап өтеді.

1979 жылы 52 америкалық дипломатты кепілдікке алған студенттер 444 күн бойы оларды қамауда ұстап, Вашингтонның шах Мохаммад Реза Пахлавиді билікке беруден бас тартуына жауап қайтарған.

Ирандағы АҚШ елшілігі содан бері жабылып, екі елдің арасындағы дипломатиялық байланыстар тоқтаған.
XS
SM
MD
LG