Accessibility links

Ресей президенті «Митингтер туралы» заңға өзгерістерге вето қойды


Президент Дмитрий Медеведев қазан айының соңында парламент мақұлдаған митингтер мен шерулер өткізу талабын қатаңдату турасындағы өзгерістер мен толықтыруларды заңға енгізуге вето қойды.

Президенттің парламент қос палатасының спикерлеріне жолдаған түсініктеме хатында «бұл өзгерістер адамдардың еркін түрде митингтер мен шерулер өткізуге мұрсат беретін конституциялық құқтарын шектейді» деп атап көрсетілген.

Дмитрий Медведевтің бұл шешімін ресейлік құқық қорғаушылар құптап қарсы алды.

Бұдан бұрын қоғамдық ұйымдар өкілдері президентті аталған заң жобасына қол қоймауға шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG