Accessibility links

АҚШ пен Қазақстан әуе транзиті туралы келісімге қол қойды


АҚШ Қазақстан әуе кеңістігі арқылы Ауғанстанға әскери жүк тасымалдайды. Бұл туралы дүйсенбі күні екі елдің сыртқы саяси ведомстволарынан хабарланды.

12 қарашада АҚШ мемлекеттік хатшысының әскери-саяси істер жөніндегі орынбасары Эндрю Шапиро мен Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысов осыған сәйкес келісімге қол қойған.

Келісім АҚШ пен Қазақстан президенттері Барак Обама мен Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонда 11 сәуірде кездесу кезінде қол жеткізген келісулерінің нәтижесі болып табылады.

«Келісім АҚШ-тың Ауғанстанға 2001 жылы Қазақстан аумағы арқылы тасымал рейстерін бастаған америка-қазақ келісімін толықтырады. Ол АҚШ пен ISAF әскеріне тасымалдың маңызды жолдарының басым бөлігін іске қосуға және коалициялық әскерлерге, Ауғанстанның үкіметі мен халқына қажетті адамдарды, жабдық пен жүкті жеткізуге жұмсалатын уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді», - делінген құжатта.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG