Accessibility links

Ирак премьері ұлттық бірлікке шақырды


Ирак премьер-министрі Нури әл-Малики ұлттық бірлікке шақырды.
Оның алдында президент Жалал Талабани ресми түрде Нури әл-Маликиден келесі үкіметті құруды сұраған. Енді әл-Малики 30 күннің ішінде кабинетті жасақтауы тиіс.

Қарашаның 10-да саяси дағдарысты шешу мақсатында Ирақ жетекшілері билік бөлісу жөніндегі келісім жасаған болатын. Наурыздың 7-дегі парламент сайлауынан кейін елдегі саяси жағдай қиын күйге душар болған еді.
XS
SM
MD
LG