Accessibility links

Рио-де-Жанейрода шайқас әлі аяқталмады


Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында қауіпсіздік күштері мен есірткі саудасымен байланысы бар көше қылмыскерлерінің арасындағы кескілескен шайқас әлі толастар емес.

Соңғы күндері қаза тапқандардың саны 39-ға жетті. Бразилия үкіметі қаланың Вила Крузейро ауданын толық бақылауына алғанын мәлімдеді.

Бірақ бірқатар кварталда шайқас аяқталған жоқ.

Жұма күні полиция кеңселерінің біріне шабуыл жасалды. Бразилияның қарулы күштері Рио-де-Жанейроға қосымша 800 жауынгерлік бөлімін жұмылдырды.
XS
SM
MD
LG