Accessibility links

АҚШ WikiLeaks-пен келіссөз өткізуден бас тартты


Бүгін АҚШ өзінің құпия құжаттарын жарияламақ болып отырған WikiLeaks сайтымен келіссөз өткізбейтінін айтты.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Хэрольд Кохтың қоғамға жарияланбаған мәліметтерді ашып отыратын бұл сайттың құрылтайшысы Джуллиан Эссэнджға жазған ескертуінде, егер үкімет өкілдерінің қандайда бір деректерін рұқсатсыз жарияласаңыздар, ол АҚШ заңын бұзушылық болып табылады және оның ауыр салдары болады деген.

Хабарларға қарағанда, WikiLeaks сайты АҚШ дипломаттарының миллиондаған құпия мәліметтерін жарияламақшы.
XS
SM
MD
LG