Accessibility links

Ирақта Тариқ Азизге жаңа үкім шықты


Ирақ соты тақтан тайған диктатор Саддам Хуссейннің бұрынғы көмекшісі Тариқ Азизге жаңадан үкім шығарды.

Талай жыл сыртқы істер министрі болған 74 жастағы Тариқ Азиз Саддам Хуссейн билігі жауапкер деп танылған, ирақтық күрдтерді қорлау мен өлтіруге қатысты деген айыппен он жылға абақтыға кесілді.

Өткен айда оны адамзатқа қарсы қылмыс жасады айыптап, өлім жазасына бұйырған. Бірақ Ирақ президенті Жалал Талабани бұл үкімді орындау туралы бұйрыққа қол қоймайтынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG