Accessibility links

Израильдегі ірі орман өрті әлі ауыздықталмай жатыр


Израиль билігі ірі орман өрті болып жатқан елдің солтүстігінедегі 12 мың адамды қауіпсіз жерге көшірді

Хайфа қаласының маңын жайлаған жалында 40-қа жуық адам қаза тапты. Олар сол жердегі Дамон түрмесіндегілерді қауіпсіз аймаққа көшіруге бара жатқанда, жалынның ортасында қалып қойған.

Премьер-министр Биньямин Нетаньяху халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады.

Әзірбайжан, Ұлыбритания, Хорватия, Мысыр, Франция, Иордания, Румыния, Ресей, Испания және Түркия елдері көмек беруге дайын екендіктерін айтты.
XS
SM
MD
LG