Accessibility links

Ирақта ирандық зияратшылар мерт болды


Сенбі күні Бағдадтағы жарылыстардан кемінде 7 ирандық зияратшы опат болды. Іші істер министрлігі өкілінің хабарлауынша, алғашқы жарылыс Кадхамия ауданында ирандықтар тоқтаған үйдің жанында болған. Екінші бомба Шула ауданында иран азаматтарын алып бара жатқан автобустың қасында жарылған.

2003 жылы Саддам Хуссейннің үкіметі құлағалы бері Иран зияратшылары Ирақтағы шииттердің қасиетті жерлеріне жиі барады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG