Accessibility links

Аргентина тәуелсіз Палестина мемлекетін мойындады


Бразилиядан кейін Аргентина да тәуелсіз Палестина мемлекетін (1967 жылы, яғни Израильдің Газа аумағы мен Иордан өзенінің Батыс жағалауын иеленген кезіндегі шекарасы бойынша) мойындайтынын жариялады.

Бұл хабарды 6 желтоқсан, дүйсенбі күні Аргентинаның сыртқы істер министрлігі хабарлады. Ал Бразилия мұны 3 желтоқсанда мәлімдеген.

Израиль бұл шешімдерді "өкінішті" деп бағалап, Палестина аумағындағы тәуелсіз мемлекет Израильмен арадағы бейбіт келіссөздер нәтижесінде ғана құрылатынын, бірақ оның ауылы алыс екенін баса айтты.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG