Accessibility links

Ирақтың оңтүстігінде АҚШ әскері мерт болды


АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, Ирақтың оңтүстігінде бір америкалық сарбаз қаза тапты.

Ол желтоқсанның 8-і күні елдің оңтүстігіндегі операциялар кезінде мерт болған. Оның өлімі туралы толығырақ мәлімет берілмеді.

АҚШ бастаған күштері Ираққа басып кіріп, Саддам Хуссейн режимін құлатқан 2003 жылдан бері бұл елде 4,400-ден аса америкалық сарбаз құрбан болды.
XS
SM
MD
LG